Мектептерде информатика 3-сыныптан бастап оқытылады — Ерлан Сағадиев

Білім және ғылым министрінің сөзіне сүйенсек, информатика пәні 2017 жылы 7-сыныптан, 2014 жылы 5-сыныптан басталған. Осы оқу жылынан бастап 3 сыныптан басталады. Оған себеп — Үкіметтің кеңейтілген отырысында білімді цифрландыру бойынша берілген тапсырмалар.

«Үкіметтің 2018 жылға арналған жоспарында министрлікке 27 іс-шара жүктелген. Оның ішінде 13 пунктті орындаушы — Білім және ғылым министрлігі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған міндеттері ескере отырып, жоспарға білімді цифрландыру бойынша өзгерістер енгізілді»,- дейді министр.

Министр осы жылдан бастап Павлодар мен Шымкент қалаларында 100 пайыздық қағазсыз есеп беру жүйесі бойынша пилоттық жоба басталатынын айтты. Жоба тиімділігін көрсетсе, аталған жүйе барлық қалаларға енгізіледі.

ДереккөзInform.kz