Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ата-аналар оқушылардың жазғы демалысын қысқартуға қарсы шықты

5 күндік оқу жүйесін көпшілік қолдап отыр. Бірақ жазғы демалыстың қысқартылуына қарсы. Ата-аналардың ойынша, қалыптасқан дәстүрді бұзу бірінші кезекте балалардың денсаулығына әсер етеді.

«Елбасы өз сөзінде мектеп бағдарламасын жүйелеу туралы айтты. Бірақ ол қажетсіз пәндерді қысқартып, 5 күндік оқуға көшу керек деген болатын. Оқушылардың демалысы қысқарса, депутаттардың да каникулы азаюы керек. Қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер жазда жұмыс істейді ғой. Олар да еңбектенсін», — дейді Төлеген Төрегелдин есімді тұрғын.

Ата-аналардың ғаламторда қол жинап, жатқанынан салаға жауапты мемлекеттік органдардың басшылары хабардар. Қарағанды облыстық білім басқармасының жетекшісі Асхат Аймағамбетов жаңа өзгерісті былайша түсіндіреді.

«Пәндерді интеграциялаған кезде оқушыларға түсетін салмақ азаяды. Бұл 5 күндік оқу аптасына көшуді жеңілдетеді. Биыл 1-ші сыныптардың жаңа жүйеге көшуіне байланысты оқу жылы 10 күнге ұзарады. Оларда қосымша 33 демалыс күні болады. Әр оқу аптасына. Және күзгі, қысқы, көктемгі демалысы тағы бар. Олар қысқармайды», — дейді  Қарағанды облыстық білім басқармасының бастығы Асхат Аймағамбетов.

Теріскейлік ұстаздар болса, білім саласындағы тың өзгерістерге балалар тез үйренеді, деп санайды. Олар жаңа бағдарламаның қыр-сырын меңгеру үшін арнайы курстарға қатысып жүр. Айтуларынша, оқушылар ұшан-теңіз мағлұмат қабылдайды. Сәйкесінше, демалысқа да көңіл бөлінуі керек. 5 күндік білім жүйесі балалардың оқуға деген ынтасын оятады. Ал маусымға дейін созылатын сабақтарға олар жеңіл дағдыланады.

«Біз 25 мамырға дейін оқуға үйрендік. Маусымның біріне дейін оқуға да үйренеміз. Ар жағында бірнеше күн ғана қосылады. Кей ата-аналар жазғы уақытта өз балаларын демалыс лагерлеріне жібере алмайды. Көбі жұмыста болғаннан кейін балалары қараусыз қалады. Сондықтан да олардың мектепте қалғаны дұрыс», — деді  бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Айтжанова.

Ақтөбелік ұстаздар оқушылардың денсаулығына алаңдаулы. Ауа-райы қолайсыз аймақта қыста 40 градустық сықырлаған аяз болады, ал маусым айындағы қапырық ыстық бала түгілі, ересектердің өзіне оңай тимейді.

«Шетелдерде мүмкін тиімді болар. Себебі оның климаты өзге, жағдайлары басқа. Біздің енді әлі де зерттеушілер зерттейтін шығар, біздің климат қанша дегенмен ыстық. Мамыр айының өзінде оқушыны ұстап отыру қиындау», — дейді  Ақтөбе қалалық №9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мұғалімі Олег Свет.

«Балаларды маусым айында оқыту деген мүлдем дұрыс емес деп ойлаймын ата-ана ретінде. Өйткені қыркүйектің өзінде қазір барып жатқан оқушы балаларым бар, ыстықтап, шаршап солай. Өйткені әр сыныпта кондиционер болмайды ғой», — дейді ата-ана Гүлжазира Қаратаева.

Білім алу үрдісіне жыл мезгілінің ешқандай әсері жоқ деген психолог мамандар оқу жылының ұзаруы қиындық туғызбауы тиіс деген көзқараста.

«Егер жаз мезгіліне белгілі бір жоспарлар болса, ауылға, ата-әжелеріне барып дегендей, бұл мәселелерді жеке-жеке қарастырып, шешуге болады. Үлгермей қалған сабақты артынан емтихан ретінде тапсырып. Бірақ бұл жаппай орын алады деп ойламаймын. Қиындық туғызбауы тиіс», — дейді психолог  Александр Колесников.

Қазіргі таңда қазақстандық оқушылар аптасына 6 күн білім алады. Бірақ келесі оқу жылынан бастап 1 сынып оқушылары 5 күндік жүйеге көшеді. 2017 жылы олардың қатарына 2-ші, 5-ші, 7-ші және 9-шы сынып оқушылары қосылады. 2018 жылдан бастап жаңа жүйеге барлық мектептерді көшіру жоспарланған. Бірақ жазғы демалыс уақытын азайту туралы шешім нақты қабылданған жоқ. Соңғы сөз үкімет тарапынан болмақ.

Мақалаға реакция

17 Пікір

  1. К
    Каламкас 10 жыл бұрын
    5 күн оқытсын. Демалысты қысқартпаудың жолын қарастырсын.
  2. К
    Каламкас 10 жыл бұрын
    5 күндік болсын. Каникулды қысқартпаудың амалын тапсын.
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Сол ұсынысты көтеріп отырған азаматтар маусым айында 45 минут класта болып көрсін!
    1. А
      Аяжан 10 жыл бұрын
      сенің айтқаның дұрыс әсіресе Шымкентте
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    5күн болсын. каникул қысқаруына мүлде қарсымын
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Мен енди 8 оким 2017 де бирак бизге 5 кун болмайд
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Каникулды қысқарту дұрыс емес, отырып алып неше түрлі заңды шығара береді екен ғой. Халықтың да жағдайын ойлау керек!!! Жаздың аптап ыстығында кім оқығысы келеді????????????
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Кейінгі жылдары шығып жатқан оқулықтардың да іші толған қате, қайта-қайта өзгерте берудің не қажеті бар? Оқу жылын да өзгертудің қажеті шамалы. Заңды ұсынған адам әуелі өзін халықтың орнына қойып көрсін.
  8. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    демалыс уакытын кыскартуга карсымын. балалар мамыр айында мектепте арен отырады, жазда калай окиды? жане де неге 2017 бастап 2,5,7,9 ауысады? калгандары ше? ал мугалимдерге киын гой, биреуи 5 кун биреуи 6 кун. сонда жартысына 25 мамырда ал жартысына маусымда сонгы конырау жасайды ма?
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Сонда 25 мамыр емес 30мамыргы дейн Оки ма, ягни 10 кунге узарады деген соз 3 маусымга дейн ба? екен еген 10 кун жылдагы куннен узарса ешнарсе емес мен букил 30 кун маусым бойы окымаса болты гой. Барибир ата ана пикирине санаспайтын сиякты. Бул жуйе ушин балалардын ренжитини анык сиякты бурынгыша кала берегу не болар екен. Олардын псикологиясына асер еретик сиякты.
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Емтихандары бар сыныптан сыныпка кошетин, сонда маусымнын аягына дейин журеди гой барибир
  10. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Балалардың жаздық демалысын қысқарту дұрыс емес деп санаймын . Өйткені бир сыныпта 20.-25 бала емес кой.30-32 бала маусым айында балалар ыстықка шыдауы мүмкін емес. Өз басым қарсымын
  11. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Бұл оқуды жаз айына созу, яғни шілде айына дейін созу нағыз сорақылық деп білемін. Себебі, солтүстік аймақтарда жаз айы онша ыстық болмайды, ал оңтүстікте бұл кезде таңертең сағат 10-да 30градус, ал 12-ден ары қарай 40-50 градуста қамап ұстау,арғы жағын түсіне берерсіздер. баланың қайда қалғанын білмей қаласыз!!!!
  12. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қажет емес пәндер қазір пайда болды, соның балығын алып тастау керек.
  13. А
    аноним 10 жыл бұрын
    Батысқа тым еліктеп кеттік.Алайда мектептегі жағдайлар шетелдегідей емес: кондиционер, дәретхана және т.б. Ал ауылдық жерде мамырдың аяғында өзен-көлдерге шомылу басталады.Сәуір,мамырда балалар әрең оқиды далаға еліктеп. Ал маусым айында сабаққа емес өзенге кетіп қалса, кездейсоқ опат жағдайлар болып қалса,тағы да мектепті кінәлайды, мұғалімдерді жауапкершілікке тартады! Мұғалімдердің жағдайларын кім ойлайды? Ойланып жасау қажет,еліктей бермей.,Маусымда ыстық аптапта қай бала тыңғылықты білім алады екен,кім ойлады осыны?
  14. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қазір бізде жүмыс емес: жұмыстың жанындағы жұмыс көбейіп кетті. Әйтеур бәрі реформатор атанғысы келеді.Салт-дәстүр, климат,менталитет дегенді ешкім есепке алмайды. Бізде АҚШ немее Португалияның климаты емес. Ата-ана, мұғалімдер мен мектептердің материалдық жағдайын айтпай ақ қояйық.
  15. А
    Аяжан 10 жыл бұрын
    Керісінше демлыс 3ай қалпын да қала берсін