Балмұздаққа кезек
Абай даңғылындағы құйма балмұздақты сатып алуға күнделікті адам көп келеді. Тіпті күннің суығына қараймай кезек күтуге дайын.
Балмұздақ сатушының айтуынша, адамдар түнгі уақытта да толассыз кезек күтіп тұрады екен.
Қала тұрғындары мұндағы балмұздақтың дәмі ерекше тәтті екенін айтады.
Алматылық кітапсүйер қауым үшін 24 сағат ашық кітапхана
Алматылықтардың түнгі уақытын тиімді өткізетін жерлердің бірі — кітап дүкені. Дүкенде аптаның кез келген күнінде 24 сағат кітап оқуға болады. Оқырмандарға жайлы орындықтар мен кофе ішітін орындар қарастырылған.
Аслан: «Мұнда кітаптарды сатып алып қана қоймай, оларды оқуға да болады. Мәселен Ұлттық кітапханада нақты сала бойынша кітаптарды тапсырыс беріп, іздеуге тура келеді. Бүгін Пауло Коэльоның «Алхимик» кітабын шамамен 6 сағатта осында оқып бітірдім. Кейде кітап оқып отырып, бір салаға қызығатын адамдармен танысып қаламын. Олармен қандай кітаптарды оқуға болатынын талқылап жатамыз» — дейді.
Медеу мұз айдыны
Медеу мұз айдынына қала ішінен №12 қоғамдық автобуспен жетуге болады. Жол ақысы — 80 теңге. Қоғамдық көліктер түнгі сағат 11:00-ге дейін жүреді. Мұз айдынға кіру үшін арнайы билет сатып аласыз. Билеттердің құны әртүрлі. 23 жастан асқан ересектерге — 1800 теңге, студенттерге (13-23 жас) — 800 теңге, балалар билеті (7-12) — 400 теңге, 7 жасқа толмаған балалар мен зейнеткерлерге кіру тегін. Билет сатып аларда жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетуіңіз шарт.
Алматы метрополитені
Алматы метрополитенінде соңғы рейстер түнгі сағат 11:30-ға дейін жұмыс істейді.
Бұл уақытта да, метромен адамдар енді жұмыстарынан қайтып келе жатады.
Кеш қайтқан жолаушылар рейсті күту кезінде уақытын бос өткізбейді.
Мұнда тек адамдар ғана емес, із кесуші иттер де жұмыс істейді.