«Пятьдесят оттенков свободы»

Режиссері: Джеймс Фоули

Рөлдерде: Дакота Джонсон, Джейми Дорнан, Ариэль Кеббел, Эрик Джонсон

Жанры: триллер, драма, мелодрама

Бұл — «Сұрдың елу реңі» («Пятьдесят оттенков серого»)  фильмінің үшінші бөлімі.

Анастейша Стил (Дакота Джонсон) мен Кристиан Грей (Джейми Дорнан) үйленіп, бал айына кетеді. Ол жақта екеуінің құпиялары ашыла бастайды.

Трилогияның бірінші бөлімі 2015 жылдың ақпанында шықты. 40 миллион доларға түсірілген картина 571 миллион долларға жуық касса жинаған болатын. Екінші бөлімі «Елу реңге қошқылдау» («На 50 оттенков темнее») биыл шыққан болатын. Онда бұл фильмге көрермен қызығушылығы бәсеңдегені байқалады. 55 миллион долларға түсірілген фильм 378 миллион доллар жинаған.

«Уиджи: Проклятие Вероники»

Режиссері: Пако Пласа

Рөлдерде: Бруна Гонсалес, Иван Чаверо, Ана Торрент, Чема Адева

Жанры: қорқынышты фильм, драма

Кез келген жасөпірім мистикалық ойынға қызығады. Бірақ дәл Верониканың бұл ойында жолы болмады. Ол кәдімгі аруақпен қалай байланысқанын сезбей қалады. Ойын өліммен аяқталуы мүмкін.

«Женщины против мужчин 2»

Режиссері: Леонид Марголин

Рөлдерде: Настасья Самбурская, Наталья Рудова, Мария Кравченко, Александр Головин, Денис Косяков

Жанры: комедия, мелодрама

Жақында ажырасқан жігіт екі досымен бірге демалысқа аттанады. Алайда оның экс-әйелі де сол қонақ үйге өзінің екі құрбысымен демалуға келеді. қызықтың «көкесі» енді басталмақ. Себебі екі құрбы да екі достың бұрынғы сүйгендері. Нәзік жандылар бұрынғы өкпелері үшін кек алуды ойлап, жағдайды ушықтыра түседі.

«Колесо чудес»

Режиссері: Вуди Ален

Рөлдерде: Джеймс Белуши, Джуно Темпл, Кейт Уинслет, Джек Гор

Жанры: драма

Картина оқиғасы саябақта орын алады. Алып карусель иесінің әйелі Джинни тартымды құтқарушы Миккиге ғашық болады. Екеуінің махаббат хикаясы аяқ астынан аяқталуы мүмкін.

«Трон эльфов»

Режиссерлер: И Гэ, Сун Юэфэн

Рөлдерде: Эшли Боеттчер, Гилберт Боус, Гэвин Хаммон, Джули Натансон

Жанры: мультфильм, фэнтези

Жас жауынгер Ламберт эльфтер ханшайымының тойына шақырылады. Ол шақыруды қуана қабыл алады. Себебі өзінің сүйгені сүйкімді эльф — Лиймен кездесуге мүмкіндік тумақ. Бірақ жауыз эльфтердің патшайымы Еленаның жоспары басқа. Ол тойдың шырқын бұзып, Қара Айдаһардың бағалы тасын тартып алуды көздейді. Ламберт бұл жағдайда не істейді? Сүйгенін көріп, эльфтер ханшайымының тойына қатыса ала ма?