Баян Мақсатқызының «Сиситай» мюзиклі наурызда шығады

Баян Мақсатқызының айтуынша, дәл мұндай кино Қазақстанда бұрын-соңды түсірілмеген екен. Фильмнің режиссері — Ернар Нұрғалиев. Мюзикл әнші болуды армандаған қыз бен сол мүмкіндікті сыйлайтын продюсердің хикаясы туралы баяндайды.

«Бізде мұндай жанр ешқашан болған емес. Тек музыкалық фильмдер болды. Мен «Сиситайды» жүз пайыз мюзикл деп айта алмаймын. Бұл — қымбат жанр. Дегенмен, «Сиситайға» ұқсайтын жобаның бұрын-соңды болмағаны сөзсіз. Біз жанымызға жақын комедияны көріп үйреніп қалдық. Біздің фильміміз мүлдем басқа. Мен асыра мақтанғым келмейді, дегенмен бұл туындының кинокөрермендерге арналған тосын сый болатыны анық. Алғаш көргенімде, ерекше қабылдадым. «Менің көргенімді көрермендер де көруге дайын ба екен» деген ойға қалдым. Бұл өте көркем, интеллигентті әрі отандық емес туынды», — деді Баян Алагөзова Gakku FM-нің «Шынымды айтсам» бағдарламасында.

«Сиситайдағы» басты рөлді жас актриса Әйгерім Мергенбаева сомдайды, ал продюсер рөлінде Баян Алагөзованың өзін көретін боламыз.

ДереккөзBrod.kz