Мейрамханада бірнеше адам кездесетін болса, кешіккен адамды күту керек. Егер ол 20 минуттан артық кешіксе, мәзір таңдауды бастап кетуге болады. Ең маңыздысы — үнемі шақырған жерге уақытында келу.

Егер мейрамханаға ер кісі мен әйел адам келетін болса, ер азамат орындықты тартып, әйел кісіні отырғызады. Этикет бойынша нәзік жандылар үстелге бірінші отырады. Европалық этикетте мәзір бірінші қызға беріледі. Одан соң жігітке. Соған сәйкесінше бірінші таңдауды қыз жасайды.

Егер тағамның қандай екенін білмей жатсаңыз, даяшыдан ол тағамды түсіндіріп беруін сұраудың ұяты жоқ. Кей адамдар тағамның атауын білмей, күнделікті таныс тағамдарға тапсырыс бере салуы мүмкін.

Үстел үстіне шынтағыңызды тіреп отырмауға тырысыңыз. Дене тік, әрі еркін болуы керек. Даяшы өзі келмейінше, оны асықпай күтіп отырған жөн.

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Қонақтардың ең көп жасайтын қателігі

Мейрамханаға келген қонақтар жеке заттарын (ұялы телефон, әмиян, көзілдірік) үстелдің басына қоя салады. Әдеп бойынша үстелге артық зат қоюға болмайды.

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz
Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Үстел үстінде қатты күлмей, жай сөйлеген дұрыс. Әрине, мейрамхана достарыңмен кездесіп, әңгіме-дүкен құратын, демалып қайтатын орын. Оларға кедергі келтіре алмайсың. Дегенмен, қатты дауыстап сөйлеген дұрыс емес.

Майлықты қалай қолдану керек?

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Майлық — мәдениеттілік пен тазалықтың белгісі. Мейрамханалар майлықтың екі түрін қолданады. Соның бірі — жеке адамға арналған мата майлық. Бұл нанның ұсағы немесе тамақты ішкенде тамып кететін тамшылардан қорғайды. Оны тізе үстіне қоюға немесе алдыға ілуге болады.

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Ыдыстарды қолдану ережелері қандай?

Негізінен ыдыстарды қолдану этикеті европалықтардан келген. Өз тәжірибемнен айтсам, қазір классикалық мейрамханада жұмыс жасаймын. Мұнда европалық қызмет көрсету қолданылады. Қазір бұл қызметпен бәрі таныс шығар.

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Классикалық мейрамхананың біздің мейрамханадан айырмашылықтары бар. Ыдыстар жинағында сол жағында — шанышқы, оң жағында қасық тұрса, бізде қасық пен шанышқы оң жақта тұрады.

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Егер сізге алдын-ала ыдыстар дайындалған болса, оны орнынан жылжытып немесе алып тастамаңыз. Бұл тағамдар бірнеше адамдар бірігіп беретін мәзірге арналған. Яғни бәріне арналған салатты немесе тағамды даяшы немесе өзіңіз салып аласыз. Тамақтанып болған соң, даяшы бірінші тамақты беру үшін алдыңыздағы тәрелкені алып кетеді. Даяшыға тамақтанып болғаныңызды білдіру үшін қасық пен шанықшыны параллель етіп қоясыз. Демек бұл тағамды алып кете беріңіз деген нұсқауды білдіреді.

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Даяшы қандай тамақ алып келсе де, оң жақтан алып келіп, сол жақтан алып кетеді. Бұл екінші тамақты ұсынғанда да қолданылатын ереже.

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz
Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Іскерлік кездесу болса, жиынды кім ұйымдастырды, сол адам төлем жасайды. Егер ер адам мен әйел адам кездессе, этикет бойынша ер азамат есеп айырысады.

Дидар Аяпов
Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Қазір көбі батыстың кино туындыларын көп көреді. Олардың ішінде мейрамханаларда түсірілетін бөлімдер өте көп. Онда тамақты қалай ішу, өзін қалай ұстауы керек, бәрін көруге болады.

Дидар Аяпов
Дидар Аяпов. Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Қазақстандағы азаматтар бұрынғыдай емес, шетелге көп шығады. Батыстық мәдениетті көріп келеді. Адам жан-жақты болу үшін жаңа ережелерді білуі керек. Өзін дамытқысы келген кез келген азамат не нәрсені үйренгісі келсе, оны оп-оңай меңгере алады. Тамақтану этикеті де дәл сол сияқты. Ешқандай қатал бір ережеге бағынып қалмаған. Бірақ көпшілік алдында әдеп сақтау, мәдениеттілігіңізді көрсететінін ескергеніңіз жөн.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар BARIBAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакцияның жазбаша рұқсатын алу қажет.