Астанада жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан отырғызылады

2018 жылдан бастап денсаулық сақтау нысандарының перзентхана бөлімдері дүниеге келген нәрестелерге конверттер табыстап жатыр. Оның ішінде отырғызылған ағаштардың сызбасы мен құттықтау буклеттері бар.

Экологиялық акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер «Астана қаласының жасыл белдеуінің» аумағында орналасқан.

Осы күнге дейін экологиялық акцияға барлығы 35 ықтырма бөлінген. Сонымен қатар, қаланың №1, №2, №3 Перинаталды орталықтарында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 1704 құттықтау хаты тапсырылды.

Айта кетейік, «Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан» акциясы қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық білімді насихаттап,  қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.