Форум тақырыбы — әлемдік үрдістер мен трендтерді ескере отырып, ТМД елдерінің экономикасын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы болады.
Кездесуге халықаралық жетекші сарапшылар, Қазақстан және ТМД елдерінің мемлекеттік органдарының басшылары, отандық және шетелдік корпорациялардың өкілдері, іскер топтар мен 150-ден астам қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.
Шара бағдарламасы бойынша, пленарлық сессия, тақырыптық сессиялар мен жиындар өтеді. Пленарлық сессияға ТМД елдерінің премьер-министрлері, АҚШ, Сингапур, Швейцария, Ұлыбритания, Австрия, Ресей, Украинаның халықаралық эксперттері қатысады.
Форумда үкімет басшылары трансшекаралық нарықтағы тауарлық бәсекелестік ережелерін, басқа елдерінде жұмыс істейтін мемлекеттердің азаматтарына зейнетақы төлеуді және аграрлық сектордағы бірлескен жобаларды талқылайды.