Бахтияр Исламовтың фильмі Австриядағы кинофестиваль жүлдесін алды

Қазақстандық режиссердің «Эдип тұратын жақта» қысқа метражды фильмі Австрияда «Үздік эксперименттік фильм» номинациясына ие болды.

Қысқа метражды фильмнің режиссері, сценарий авторы және қоюшы-операторы — Бахтияр Исламов, продюсері — Дарья Корнеева. Фильм Алматы облысында түсірілді. Ленцингте фильмнің тұсаукесері өтті. Төрешілердің айтуынша, фильм кадр айқындылығымен ерекшеленеді. Бұл — соңғы бірнеше жылда фестивальға Қазақстан атынан ұсынылған бірінші фильм.

«Үздік эксперименттік фильм» номинациясын Қазақстан алғаш рет иеленіп отыр.

Айта кетейік, «Festival of Nations» —  Австриядағы ертеден келе жатқан коммерциялық емес қысқа метражды фильмдер фестивалі, UNICA ұйымы (ЮНЕСКО мүшесі) және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Фестивальге жылына әлемнің 55 мемлекетінен 1000-нан астам өтініш түседі.

ДереккөзInform.kz