Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет ең көп спортшы апаратын қай ел?

АҚШ құрамасының спортшылары Олимпиадада спорттың барлық түрінен қатысады.

Олимпиада комитетінің мәліметінше, құрама 242 (107 әйел және 135 ер адам) жолдама жеңіп алған. Оның ішінде Олимпиаданың 37 жүлдегері, 10 Олимпиада чемпионы бар. Ал 139 спортшы Олимпиадаға бірінші рет қатысады.

Еске салсақ, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ақпанның 9 мен 25 аралығында өтеді. Ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.

Дереккөзinform.kz