Баян өз парақшасында Төреғалидің әкесіне ренжулі екенін ашық байқатқан жазба қалдырды.
«Менің әріптесім Төреғали соңғы кездері өзгенің әртістеріне қатысты жауапкершілікті өзіне алуды қатты жақсы көріп кетті! «Алло» жалпыға ортақ туынды. Әнді Төреғали, клипті мен ұсынып біргелікте жақсы жұмыс істеген сияқты едік. Еркенің жеке әнші ретінде танылып жүрген уақыты Төреғалидікімен тең, екі жыл болды. Меніңше өзгенің еңбегін бағалай білу керек.
Төреғали, мен де мұнда өз жұмысымды білетін адамның бірімін. Ол бейнебаянды тоғыз миллионға жуық жұрт тамашалап, көпшілігінің көңілінен шығып жатыр. Сіздер де тіпті армандамаған клипке қолдарыңыз жетіп қалды. Сондықтан ортақ еңбегімізді бағалайық. Ерке ерекше дауыс иесі, әрі өзінің тыңдармандарын тапқан әнші. Олай болмаса Төреғалидың өзі бірге ән шырқау ұсынысын жасамас еді.
Біздер Төреғалидың ұсынысына қатысты сол кезде біраз ойланған болатынбыз»,-дейді Баян Есентаева
«Менің әріптесім Төреәлі өзге әртістер үшін жауапкершілікті тым жиі өзіне алғанды жақсы көреді. «Алло» — бұл ортақ туынды. Әнді Төреғали ұсынды, ал клип түсіру идеясы менікі, бірге ойымыз керемет жүзеге асты. Еркенің Төреғали секілді сахнада жеке ән айтып жүргеніне екі жыл болды. Өзгенің еңбегін сыйлай білу керек деп ойлаймын, құрметті әріптесім Төреәлі, мен де жүгері күзетіп отырған адам емеспін. Клипті 9 млн-нан астам адам қарады, оларға әнмен үйлескен бұл оқиға ұнайды, ал сізді клип түсіргенде көрген ешкім жоқ. Сіз армандап көрмеген клипке қол жеткіздіңіз. Сол себепті, ортақ еңбекті құрметтейік. Ерке дауысы керемет әнші, өзінің табынушыларын да жинап үлгерген. Олай болмаған жағдайда Төреғали оған дуэт болып шығу ұсынысын жасамас еді. Біз келісу-келіспеу жағын ұзақ ойланған едік», — деп жазған Баян.
Баянның бұл жазбасына пікір қалдырғандардың дені оның сөзіне қосылатынын жазған. Желі қолданушылары «Төреғали Төреәлінің жұлдыз ауруына шалдыққанын» айтып, Еркенің олармен салыстырғанда нағыз дарын иесі екенін сөз еткен.
Айта кетерлігі, жақында Баян Есентаева Ерке мен Төреәлінің «Алло» бейнебаянына фильм түсірілетінін мәлімдеген болатын. Бұл жайттан кейін екі тараптың енді ортақ туынды жасау-жасамауы уақыттың еншісінде болып отыр.