Төреғалидің әкесіне Баян Есентаева ренжулі екенін ашық айтты

Баян өз парақшасында Төреғалидің әкесіне ренжулі екенін ашық байқатқан жазба қалдырды.

«Менің әріптесім Төреғали соңғы кездері өзгенің әртістеріне қатысты жауапкершілікті өзіне алуды қатты жақсы көріп кетті! «Алло» жалпыға ортақ туынды. Әнді Төреғали, клипті мен ұсынып біргелікте жақсы жұмыс істеген сияқты едік. Еркенің жеке әнші ретінде танылып жүрген уақыты Төреғалидікімен тең, екі жыл болды. Меніңше өзгенің еңбегін бағалай білу керек.

Төреғали, мен де мұнда өз жұмысымды білетін адамның бірімін. Ол бейнебаянды тоғыз миллионға жуық жұрт тамашалап, көпшілігінің көңілінен шығып жатыр. Сіздер де тіпті армандамаған клипке қолдарыңыз жетіп қалды. Сондықтан ортақ еңбегімізді бағалайық. Ерке ерекше дауыс иесі, әрі өзінің тыңдармандарын тапқан әнші. Олай болмаса Төреғалидың өзі бірге ән шырқау ұсынысын жасамас еді.

Біздер Төреғалидың ұсынысына қатысты сол кезде  біраз ойланған болатынбыз»,-дейді Баян Есентаева

Төреғалидің әкесі Баян Есентаевадан сөз естіді

«Менің әріптесім Төреәлі өзге әртістер үшін жауапкершілікті тым жиі өзіне алғанды жақсы көреді. «Алло» — бұл ортақ туынды. Әнді Төреғали ұсынды, ал клип түсіру идеясы менікі, бірге ойымыз керемет жүзеге асты. Еркенің Төреғали секілді сахнада жеке ән айтып жүргеніне екі жыл болды. Өзгенің еңбегін сыйлай білу керек деп ойлаймын, құрметті әріптесім Төреәлі, мен де жүгері күзетіп отырған адам емеспін. Клипті 9 млн-нан астам адам қарады, оларға әнмен үйлескен бұл оқиға ұнайды, ал сізді клип түсіргенде көрген ешкім жоқ. Сіз армандап көрмеген клипке қол жеткіздіңіз. Сол себепті, ортақ еңбекті құрметтейік. Ерке дауысы керемет әнші, өзінің табынушыларын да жинап үлгерген. Олай болмаған жағдайда Төреғали оған дуэт болып шығу ұсынысын жасамас еді. Біз келісу-келіспеу жағын ұзақ ойланған едік», — деп жазған Баян.

Төреғалидің әкесі Баян Есентаевадан сөз естіді

Баянның бұл жазбасына пікір қалдырғандардың дені оның сөзіне қосылатынын жазған. Желі қолданушылары «Төреғали Төреәлінің жұлдыз ауруына шалдыққанын» айтып, Еркенің олармен салыстырғанда нағыз дарын иесі екенін сөз еткен.

Төреғалидің әкесі Баян Есентаевадан сөз естіді

Айта кетерлігі, жақында Баян Есентаева Ерке мен Төреәлінің «Алло» бейнебаянына фильм түсірілетінін мәлімдеген болатын. Бұл жайттан кейін екі тараптың енді ортақ туынды жасау-жасамауы уақыттың еншісінде болып отыр.

Дереккөзnur.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 1 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы «Қызылжар-Сүт» фермасына барды

Президентке сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңы көрсетіліп, осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды.

Президент қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жазбасын жариялады.

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр

Елімізде атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.

Елімізде балаларды қаржы сауатына үйрететін қазақ тіліндегі кітап жарық көрді

Балалар мен ересектерді қаржы сауатына үйрететін "Тиыннан теңге құрайтын бала" кітабы жарық көрді. Бұл еңбек - New York Times-тың "The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who" деген әйгілі бестселлерінің қазақша нұсқасы.