Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

26 қаңтар: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

Фото: РИА Новости

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні 30 м/с артуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, желдің күші 18 м/с артады,  Мұғалжар ауданында оның екпіні 23-28 м/с жетпек.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі, Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады. Үскірік аяз сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де ауа температурасы күрт төмендейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *