24 қаңтар: Еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Орал қаласында оңтүстік -шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді.

24-ші қаңтарда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп болжанады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болфп, түнде -35-40°С, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С жетуі мүмкін.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С болады.

Астана қаласында қатты аяз, түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95 %.

Алматы, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ауа температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аяздан 20-25, кей жерлерде 30-35 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-23 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Дереккөзbaq.kz