Жаңа әдістемеге сәйкес, сатып алған күніне және пойыздардың жүктемесіне байланысты билет бағасының өзгеруін қарастыратын динамикалық тарифтік бағаны белгілеу енгізілді.
Динамикалық бағаны белгілеу алдымен облысаралық және қала маңына қатынайтын пилоттық режимдегі бағыттарға енгізілді. Олар Алматы –Астана – Нұрлы жол №3/4, Астана 1- Сарыағаш №085/086 бағыттары.
Тариф 8 наурыздан бастап Астана-Қарағанды №853/854 бағытына енгізілмек.
Болашақта жаңа тәртіп әлеуметтік маңызы бар барлық қатынастар бойынша жүретін пойыздарды қамтитын болады.
Аталған пойыздарда «-25%» және «+25%» дәлізінде динамикалық баға белгілеуді қамтитын тарифтік бағалар кестесі енгізілді. Осылайша, билетті ертерек сатып алатын жолаушының оны базалық бағадан төрт есе төмен бағада сатып алу мүмкіндігі бар. Пойыздың жүретін күні жақындағанда және белгілі бір бағытқа сұраныс артқан кезде билет құны өсетін болады.
Жоғарыда көрсетілген пойыздарға билеттерді 2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатып алуға болады.