Елімізде темір жол билетінің бағасы қымбаттайды

2018 жылы Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша темір жол билет тарифтері өзгереді. Бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр.

Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді.

38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі деп жоспарлануда. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.

Бұл бірнеше тасымалдаушының конкурсқа берген өтінімдеріне байланысты жасалып отыр. Ал, тасымалдаушы осы бағыттар бойынша кірістің азайып қалу тәуекелдеріне жауапты болады.

Сондай-ақ, қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.

Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал, автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды.

Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% -ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады.

ДереккөзBaq.kz