Алматыда баскетболдан Қазақстан чемпионатының ІІ кезеңі өтеді

ІІ тур аясында алматылықтар бес ойын өткізеді. “Алматылық Легионның” бас бапкері Олег Кисилев атап өткендей, чемпионатта барлығының күштері тең, әр команда мықты қарсылас болуы мүмкін.

Дегенмен, легионерлердің маңызды кездесулерінің бірі турдың басында шымкентттік “Казығұрт” командасымен өтеді. Алматылық жанкүйерлердің өткен маусымда шымкенттік баскетболшылардың қандай қарсылас болғаны есінде болар.

ІІ турдың нәтижелері бойынша шымкенттіктер бір ғана ұпай айырмасымен екінші орынды иеленді. Онымен қоса, І кезеңде басты қарсыластар кездеспеді, сондықтан бұл матч қызықты да тартысты ойындардың біріне айналмақ.

“Казығұрттан” бөлек, “Легион” “Ақтөбе”, “Иртыш”, “Барыс” және “Барсы Атырау 2” командаларымен бәстеседі.

Турнир, команда, ойын кестесі мен нәтижелері туралы толық ақпаратты www.al-bclegion.kz сайтынан таба аласыздар.