Басты бетЖаңалықтарӘбу-Даби көрмесінде...

Әбу-Даби көрмесінде Қазақстан павильоны қойылды

Ауқымды шараға 26 мыңнан аса адам қатысып, 20 елдің павильоны мен 650 компанияның экспоненті ұсынылды. Әлем көз тіккен жиынға еліміздің атынан энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ербол Шорманов қатысты. Жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайтын көрмеде Қазақстанның да павильоны қойылған.

Біз елімізде іске асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздері мен көлік-логистикалық инфрақұрылым бағытындағы жобаларды ұсындық. Қазақстан аталған саммитке жыл сайын қатысып келеді. Бұл өз кезегінде энергетика саласына инвестиция тартуға септігін тигізбек — деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ департаментінің бас менеджері Гүлмира Бақпасова.

Дереккөз24.kz