Кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жуық арада шешіледі

«1 қаңтардан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті жерасты топтарының және «Өркен» ЖШС Атасу темір рудасы кенішінің жұмысшыларының тарифі мен айлық еңбекақысы 30 процентке көтеріледі. Бұдан тыс, ұжымдық шартқа сәйкес, жалақы 3,55% мөлшерінде индекстеледі», — дейді компания баспасөз қызметіндегілер.

Көмір департаментінің жерүсті жұмысшыларының, «Өркен» ЖШС, болат департаменті және оның басқа да қосалқы функциялар жұмысшыларының жалақысы грейдтік жүйеге сәйкес 30 процентке дейін көтеріледі.

ДереккөзInform.kz