Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департамент директоры Шолпан Каринованың айтуынша, қазір оқушылардың үй тапсырмалары үштен бірге азайған.
«2018 жылы ҚР БҒМ «Үй тапсырмаларын реттеу бойынша» бұйрықты қабылданған. Қазір балалардың үй тапсырмалары үштен бірге азайды. Жоғарыда аталған құжат осы оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Бұйрық орындалуы үшін тиісті ақпарат басқармалар және аудандар мен қалалардың білім беру бөлімдеріне жіберілді», — деді ол.
Министрліктің бұйрығында көрсетілгендей, үйге берілетін тапсырма 150 минуттан аспайды.