2018 жылы жәрдемақылардың мөлшері қалай өзгерді?

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін – 12 719 теңге және жасына қатысты – 12 719 теңге болды.

Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек – 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек  — 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек – 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады.

Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі биыл 326,8 млрд теңгені құрайтын болады.