Өткен жылы Қазақстан аталған рейтингте 67-орында тұрған еді. Дегенмен, визасыз баруға болатын мемлекеттер саны өзгеріссіз қалды.
Мемлекеттер | Визасыз жүру мерзімі |
Әзірбайжан | 90 күнге дейін |
Албания | 90 күнге дейін |
Антигуа және Барбуда | 1 айға дейін |
Аргентина | 30 күнге дейін |
Армения | 90 күнге дейін |
Барбадос | 28 күнге дейін |
Беларусь | 90 күнге дейін |
Бразилия | 30 күнге дейін |
Гаити | 3 айға дейін |
Гонгонг (ҚХР) | 14 күнге дейін |
Грузия | 365 күнге дейін |
Доминика | 21 күнге дейін |
Доминикан Республикасы | 30 күндік саяхат картасын 10$-ға алуға болады |
Индонезия | 30 күнге дейін |
Колумбия | 90 күнге дейін |
Комор аралдары | Визаны шекарадан өтерде алуға болады |
Коста Рика | 90 күнге дейін |
Қырғызстан | 90 күнге дейін |
Македония | 90 күнге дейін |
Малайзия | 30 күнге дейін |
Микронезия | 30 күнге дейін |
Молдова | 90 күнге дейін |
Моңғолия | 90 күнге дейін |
Намибия | 3 айға дейін |
Ниуэ | 30 күнге дейін |
Кука аралдары | 31 күнге дейін |
Ресей | 90 күнге дейін |
Сент-Винсент және Гренадиндер | 1 айға дейін |
Сербия | 30 күнге дейін |
Тәжікстан | 90 күнге дейін |
Түркия | 30 күнге дейін |
Өзбекстан | 30 күнге дейін |
Украина | 90 күнге дейін |
Филипин | 30 күнге дейін |
Оңтүстік Корея | 30 күнге дейін |
Эквадор | 30 күнге дейін |
Ерекше талаптары бар мемлекеттер
Төмендегі мемлекеттерге шығуға жеңілдік қарастырылған. Дегенмен, арнайы талаптары бар екенін ескертікіміз келеді.
- Бурунди: шекарадан өтерде, бір айға виза алуға болады (бірақ алдын ала рұқсат алу қажет);
- Мысыр: егер туристік агенттік арқылы баратын болсаңыз, визасыз жүруге болады (30 күнге дейін);
- Хайнань провинциясы (Қытай): жергілікті туристік агенттік арқылы барсаңыз, виза талап етілмейді (топта 5 адамнан аз болмауы керек, Хайкоу мен Санья әуежайларына қону тиіс);
- Сомали: шекарадан өтерде, 30 күнге виза алуға болады (бірақ демеушінің алдын ала шақырту қағазы болуы қажет);
- Балқан уәлаяты (Түрікменстан): егер туристік агенттік арқылы баратын болсаңыз, визасыз жүруге болады;
- Черногория: әдетте бұл елге жаз мезгілінде визасыз баруға болады (2017 жылы бұл мерзім 1 сәуірден 30 қазанға дейін созылды).