Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында жәрдемақының жаңа түрін енгізуді тапсырды.

«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлінеді», — делінген Елбасы Жолдауында.

Елбасы сондай-ақ 2018 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінген шығын 12 %-ға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асқанын атап өтті.

ДереккөзBaq.kz