Безостың байлығы Amazon акция бағасының өсуіне баланысты көбейді. Осы жылдың алғашқы күндерінде акцияның бірлігі 1,3 мың доллар болып, 6,62 пайыз қосылды.
Телеарнаның хабарлауынша, Безос Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің рекордын жаңартты. Bloomberg және Forbes-тің рейтингіне сәйкес, 1999 жылы Гейтсте 100 миллиардтан астам қаржы болған. Бірақ ол одан кейін азайып, соңғы деректер бойынша 93,3 миллиард доллар болып қалған.
Еске сала кетсек, 2017 жылы Forbes әлемдегі ең бай адамның кім екенін жариялады. Ол кезде де Джефф Безос Amazon компаниясындағы акциясы құнының өсуіне байланысты Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адам атанған.
Безос 1994 жылы Amazon компаниясын ашты. 2016 жылы компанияның айналымында 136 миллиард доллар болды. Amazon-дағы акциясынан бөлек, Безосқа The Washington Post газеті және ғарыш кемесін әзірлейтін Blue Origin компаниясы тиесілі.
Сонымен қатар, бұған дейін Қытайдағы ең бай әйел төрт күн ішінде 2 млрд доллардан астам табыс тапқанын хабарлаған болатынбыз. Жыл басынан бері Қытайдағы ең бай әйел Ян Хуэйяньның табысы 23,6 млрд доллардан 25,6 млрд долларға дейін артты.