Марк Цукерберг 2018 жылы Facebook-ті қалай дамытпақ?

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

Алдымен Марк Цукерберг табысты болу үшін алдына жаңа мақсаттар қоятынын атап өтті.

«Мен жаңа дүниелерді білу үшін жыл сайын алдыма мақсаттар қоямын. Американың әрбір штатында болдым. 365 миль жүріп өттім. 25 кітап оқыдым», — дейді ол.

Сонымен қатар ол алдағы жылы «Facebook» әлеуметтік желісін одан әрі жетілдіре түсетінін хабарлады.

«Facebook»-те істейтін жұмыс өте көп. Ол — біздің қауымдастықты арам мақсатта пайдаланудан қорғау, мемлекеттердің желі ісіне араласуына жол бермеу немесе қолданушылардың «Facebook»-те уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасау. 2018 жылдағы менің мақсатым – осы аталған маңызды мәселелерге назар аудару» — дейді Марк Цукерберг.

ДереккөзBaq.kz