Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерінде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Жамбыл, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.