Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ресей президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, елордадағы Тәуелсіздік сарайына келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Осыдан кейін әуеде жойғыш ұшақтар Ресейдің мемлекеттік туын бояумен бейнеледі. Сарайға кірген президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін көрші ел президентінің мемлекеттік сапарына орай сап түзеген құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.