Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсті

Фото: Инга Иманбайдың парақшасынан
Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүргенде ауыр ми жарақатын алған Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлады. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сарбаздың оңалту және қалпына келтіру маманының мәліметінше, кеше Мұхтар Ербаян шұғыл ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді. Қазір жағдайының нашарлағаны байқалып отыр.

Сонымен қатар маман Ербаянның ата-анасы әзірге ұлының денсаулығына қатысты толық ақпарат ала алмай отырғанын айтты. Ол Қазақстан азаматтарын сарбаз бен оның отбасына қолдау көрсетуге шақырды.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар Қазақстан Республикасының ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде қызмет еткен. 2023 жылғы желтоқсанда сарбаз ауыр бас-ми жарақатын алып, кейін комаға түскен. Әскери бөлім өкілдері туыстарына оның дәретханада құлап, басын кафельге соғып алғанын хабарлаған. Алайда ауруханаға түскен кезде сарбазға мидың ауыр соғылуы, жедел субдуралды гематома, шүйде сүйегінің сынуы секілді ауыр диагноздар қойылған.

Ұлттық ұланы бұл дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы — «Әскери қызметшілер арасындағы жарғылық қарым-қатынас қағидаларын бұзу, денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.