Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2405 теңгені құрады.
Айлық есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді жүргізуге, айыппұл санкцияларын қолдануға, салықтар мен өзге де өтемдер бойынша қолданылады.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде АЕК мөлшері 2269 теңге болған еді.