Астанада ерекше селфи шырша орнатылды

Аудан әкімі Instagram парақшасында қалалық әкімдіктің алдына орнатылған медиа селфи жасауға болатын шыршаның видеосын жариялады.

«Қымбатты достар! Барлығымыз тек балалар ғана емес, ересектер де жақсы көретін ең ғажайып мерекені асыға күтіп отырмыз. Енді барлығымыз үшін Медиа Селфи Шырша ашылды. Сол шырша арқылы кез келген адам әлемнің түкпір-түкпірінен келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен жақындары мен туыстарын құттықтай алады. Ол үшін selfi.kz сайтына кіріп, өз құттықтауыңызды жазып, суретіңізді жүктеуіңіз керек. Сіздің құттықтауыңыз жазылған суретіңіз селфи шыршада жарияланатын болады. Медиа Селфи Шырша қалалық алаңда орналасқан. Бұл шырша өте ерекше. Күндіз декоративті көрінсе, түнде түрлі түсті жарықтармен алмасып отырады. Астана smart технологиялар көшбасшысына айналып келеді. Бұл ерекше инновациялық шырша елордамыздың жаңа технологияларға қарай жасаған тағы бір қадамы», — деп жазды ол.

Дереккөзbaq.kz