Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынатын «Отбасылық пакеттің» тиімділігі

ТҮҚЖБ-ның депозиттер бойынша ұсынатын жылдық мөлшерлемесі 2%-ды құрайды. Бұдан бөлек, жыл соңында 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға мемлекеттен 20% көлемінде сыйлықақы тағайындалады. 2017 жылы 200 АЕК 453 800 теңгені құрап отыр. Яғни, осы жылы мемлекеттің банк клиентіне беретін ең үлкен сыйлықақысы 90 760 теңгені құрайды. Осылайша мемлекет қазақстандықтарға баспаналы болу үшін қаржы жинауға көмектеседі.

Депозиттің ең жоғарғы пайдасына қол жеткізу үшін жылына 453 800 теңге, яғни, айына 38 000 теңге салым салып тұру керек. Мұндай жағдайда депозит бойынша берілетін сыйлықақының жылдық мөлшерлемесі 13,3%-ға жетеді.

Ең жоғарғы пайда көрсеткішін сақтап, жыл сайын мейлінше үлкен көлемде қаражат жинағыңыз келсе, отбасының өзге мүшелерінің атына депозит ашып, салым көлемін еселей аласыз. Ал қажетті сома жинақталған соң бұл депозиттерді біріктіріп, пайызы төмен заем алуға болады.

Салымшылардың шын оқиғалары

53 жастағы Алматы тұрғыны Бақыт Күзембаева пайызы жоғары коммерциялық банкке артық ақша төлемей тиімді жолмен пәтер сатып алу үшін ТҮҚЖБ-нің «Отбасылық пакет» қызметін пайдаланудың маңыздылығын жақсы түсінеді.

– «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» депозитімді 2014 жылы аштым. Қазір біз қаражатты отбасымызбен, яғни, мен, жұбайым, ұлым, екі қызым және күйеу балаларым болып бірігіп жинаймыз. Әрқайсымыздың жеке есепшотымыз бар. Келесі жылдың басында мемлекеттік сыйлықақы тағайындалған соң Алматыдан пәтер сатып алғымыз келеді, – дейді Бақыт.

Бақыттың мүгедектігі бар. Алайда өмірдің тауқыметіне қарамастан ол ай сайын салым төлеп, осы әрекеті арқылы жақындарына үлгі болып отыр.  Ал пәтер сатып алар кезде Бақыт еліміздегі ең төменгі жылдық мөлшерлеме бойынша қарыз алу мүмкіндігіне ие болады.

Банктің тағы бір салымшысы екі баласы бар жалғыз басты ана – Елена Игнатьева. Елена бесінші сыныпта оқитын баласы мектеп бітіргенде оған Астанадан жеке пәтер сатып алуды жоспарлап отыр.

– Қазір пәтер сатып алу үшін үш депозитке салым салып тұрамын. Депозиттер менің және балаларымның атына ашылған, – дейді Елена. – «Отбасылық пакет» деп аталатын бұл депозит қаражатты тез әрі тиімді жинауға мүмкіндік береді. Балаларға берілетін жәрдемақыны бірден «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» аударамын. Жинақтарымды бір есепшотқа салғанымда мемлекеттен  90 760 теңге көлемінде ғана сыйлықақы алар едім. Ал үш депозиттің арқасында маған мемлекеттен үш есе көп, яғни, 272 280 теңге көлемінде сыйлықақы беріледі.

Еліміздегі теңгемен берілетін депозиттердің ешқайсысы мұндай жоғары пайдаға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан «Отбасылық пакет» салымшылар арасында үлкен сұранысқа ие.

Қаражатты отбасымен бірге жинау тиімдірек

«Отбасылық пакет» – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» пәтер сатып алуға қажетті қаражатты жинаудың тиімді жолы. ТҮҚЖБ ұсынып отырған бұл қызмет тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Отбасылық пакеттің» артықшылығы неде? Мысалы, сіз бір адамның атына бірнеше депозит ашсаңыз, мемлекет тарапынан тағайындалатын сыйлықақы оның біреуіне ғана беріледі. Ал «Отбасылық пакеттің» көмегімен сіз отбасының әр мүшесіне жеке есепшот ашып, олардың әрқайсысына бөлек сыйлықақы аласыз. Осылайша, сіз қажетті соманы тезірек жинайсыз.

Мемлекет әрбір депозиттің 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомасына (2017 жылы бұл сома 453 800 теңгені құрайды) 20%, ал банк 2% көлемінде сыйлықақы тағайындайды. Сондықтан, ай сайынғы салымды бір емес бірнеше адамның есепшотына бөліп салу әлдеқайда тиімді. Есепшотты жарыңыздың, балаларыңыздың, ата-анаңыздың, туған және нағашы аға-әпкелеріңіздің,  немере іні-қарындастарыңыздың атынан ашуға болады. Салымшылар санына шек қойылмаған. Жалпы, «Отбасылық пакеттің» мақсаты – әрбір жанұяның мемлекеттен ең жоғары көлемдегі сыйлықақы алуына мүмкіндік беру.

Салымдардың қаншалықты тиімді екенін есептеу ыңғайлы болсын деп біз сіздерге жеке депозит пен «Отбасылық пакет» аясында ашылған екі шотты (ері мен әйелі) салыстырып беріп отырмыз.

Мысалы, пәтер бағасы 10 миллион теңге, ал жинақ мерзімі 5 жыл, заем мерзімі 8 жыл деп алайық.

ЖЕКЕ ШОТ* ОТБАСЫЛЫҚ ПАКЕТ (ерлі-зайыпты)
АЙ САЙЫНҒЫ САЛЫМ

83 000

АЙ САЙЫНҒЫ САЛЫМ

41 500+41 500=83 000

СЫЙЛЫҚАҚЫ

453 800

СЫЙЛЫҚАҚЫ

453 800+453 800=907 600

БАНК %-Ы***

268 441

БАНК %-Ы***

142 856+142 856=285 712

ЖИНАЛҒАН ҚАРАЖАТ

5 702 241

ЖИНАЛҒАН ҚАРАЖАТ

3 086 656 +3 086 656= 6 173 312

 

10 МЛН ТЕҢГЕ

НЕСИЕ** НЕСИЕ **
ЗАЕМ СОМАСЫ

4 297 759

ЗАЕМ СОМАСЫ

3 826 688

СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ***

4,5%

СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ ***

4,5%

АЙ САЙЫНҒЫ ТӨЛЕМ

53 392

АЙ САЙЫНҒЫ ТӨЛЕМ

47 539

**Депозит бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 12,7%-ға дейін, несие бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 5,1%-ға дейін* 20% көлеміндегі мемлекет сыйлықақысы 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сома бойынша есептеледі

Кем дегенде үш жылдың ішінде тұрғын үй бағасының 50%-ын  жинап үлгерген салымшыға қандай артықшылықтар ұсынылады?

Салымшы банкпен тұрғын үй жинақтары туралы келісім-шарт жасағанда қаржы жинаумен қатар, банктен болашақта нарық мөлшерлемесінен төмен бағада заем беру туралы міндеттеме алады.

Төменгі сыйлықақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй займын алу үшін:

  • Тұрғын үй жинақтары туралы келісім-шартқа отыру керек.
  • Келісілген соманың 50%-ын жинау керек.
  • Қаржы жинау мерзімін ұстану керек (кем дегенде 3 жыл).
  • Қажетті баға көрсеткішіне қол жеткізу керек.

Тұрғын үй займының артықшылықтары:

  • Тұрғын үй займы еліміздегі ең төменгі мөлшерлеме бойынша беріледі (жылдық мөлшерлемесі 3,5%-5%, жылдық тиімді мөлшерлеме – 3,6% дан басталады).
  • Тұрғын үй займы берілгенде несие өтінімін қарау және қарыз беруді ұйымдастыру үшін комиссия алынбайды.
  • Несие алушылар займды өтеу кезінде жеке табыс салығы бойынша салықтық жеңілдіктерін алады.

Тұрғын үй қарызын қалай қолдануға болады?

Тұрғын үй қарызын тек баспана жағдайын жақсарту мақсатында пайдалануға болады. Яғни:

  • Тұрғын үй сатып алу, жаңарту және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін (құрылыс жабдықтары мен жалдамалы қызмет ақысы қоса есептеледі):
  • Тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алу да есептеледі);
  • Коммерциялық банктен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін;
  • Коммерциялық банктен ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мақсатында алғашқы төлемді жасау үшін.

Жоғарыда ұсынылған ақпараттарға қарап, бүгінде тұрғын үй жинақ жүйесі Қазақстандағы пәтер мәселесін шешудің ең тиімді тәсілі болып отырғанын аңғаруға болады.