Алматыда 18 метрлік қоғамдық автобустар жолға шықты

Жаңа бағыттағы автобустар таңғы сағат 6-дан түнгі 23.00-ге дейін әр 6 минут сайын қатынайды. Олар кондиционерлермен, видеобақылаумен, пандустармен жабдықталған, төрт есіктің әрқайсысының жанына «Оңай» терминалы орнатылған.

Бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылған болатын.

Жалпы, Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус сатып алуға қаржы бөлінген еді. Олардың 185-і жолға шығып, қалған 203-і келер жылдың басында іске қосылады.