«Оңайды» банк картасы ретінде де қолдануға болады

«Оңай» картасының  болашақ жоспарлары туралы Алматы холдингінде айтылды.

«Біз AppStore мен Google Play-де мобильді қосымша аштық. Бұл «Оңайды» тек жолақысының төлем картасы емес, тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу құралына айналдыру стратегиясының алғашқы қадамы. Біз кезең-кезеңімен мобильді қосымшаның функциясын кеңейте түсеміз», — деді «Оңай Рау» ЖШС директоры Александр Зайкин.

Қосымша арқылы қолданушылар картаның теңгерімін тексеріп, баратын жердің ең тиімді бағытын белгілей алады. Сонымен қатар, енді карта жоғалса, оны тез арада бұғаттау мүмкіндігі туды.

Ең бастысы тұтынушылардың жеке мәліметтерінің құпиялығын сақтау қиындық туғызады. Себебі, қосымша құжат нөмірі, адамның аты-жөні де тіркеледі.

«Жеке куәліктің мәліметтері тек қана карта иесінің жеке басын куәландыру үшін ғана қажет. «Оңай» мобильді қосымшасындағы жеке мәліметтер халықаралық қорғау жүйесімен қорғалған. Осыған дейін қанша адам ақшасы жоғалғанын жариялаған болатын. Алайда тексере келе бір де бір дерек расталмады», — деді А.Зайкин.

Айта кету керек, Алматыда тамыздың 1-інен бастап теңдестірілген тариф енгізілді. Енді «Оңай» картасы жоқ жолаушылар бір бағытқа 150 теңге төлейді.

ДереккөзInform.kz