Айғаным Ниязбек «Шымкент аруы — 2017» байқауының жеңімпазы атанды

Әділқазылардың шешімімен «Шымкент аруы — 2017» сұлулық байқауының жеңімпазы атағына Айғаным Ниязбек ие болды. Сондай-ақ, оған 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Айғаным Ниязбек — қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті. Осыған дейін ол «Face of Central Asia 2017» титулының иегері атанып үлгерген. Енді Айғаным 2018 жылдың наурыз айында өтетін республикалық «Қазақстан аруы» байқауына Шымкент қаласының атынан қатысады.

Айта кетейік, кешті актер Тәуекел Мүсілім мен тележүргізуші Ирина Тен жүргізді.

Еске салайық, «Қазақстан аруы — 2016» атағын қызылордалық Гүлбану Әзімханова жеңіп алған болатын. Шымкентте өткен биылға шараға ол да арнайы қонақ ретінде шақыртылды.