Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

2018 жылдан бастап әскерилерге 5 пайыздық ипотека беріледі

©realty.ria.ru

«60 мыңнан астам әскери отбасы баспаналы болу үшін жаңа жүйеге қосылмақ. Олардың ішінде Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, Ұлттық гвардия мен Мемлекеттік күзетте қызмет атқаратын әскерилер де бар», — деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, осыған байланысты ТҚЖБ бүгін-ертең Қаржы министрлігінде бірнеше отырыс өткізеді.

«Әскери қызметкерлерге алдын ала займның 5 пайыздық мөлшерлемесін қарастырамыз. Келер жылы бюджетіміз 120 млрд теңгені құрайды. Бұл жобаға алдағы екі жылда 8 мың әскери отбасы қатыса алады. Қалғандары ТҚЖБ-мен бірге ақша жинауды жалғастыра береді. Әскерилердің кез келген банктен ипотека ала алады.», — деді ол.

Қазір тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша ақшаны кем дегенде үш жыл жинау керек. Алайда ипотека, яғни ақшаның 50 пайызын құйып, алдын ала займ да алуға болады.

Мақалаға реакция