Юлия Галышева — ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ тәрбиеленушісі.

Қытайда өткен жарыс жолына барлығы 48 спортшы шықты. Сайыста Юлия Галышева 77.79 ұпайымен әлем Кубогі кезеңінің күміс медалін еншіледі. Ол тек 77.90 ұпай жинаған АҚШ елінің фристайлшысына есе жіберді, ал Галышевадан кейін үздік үштікті канадалық спортшы түйіндеп тұр.

ДереккөзBaq.kz