Леонардо Ди Каприо неліктен «Оскарды» қайтарып бермек?

АҚШ-тың Әділет министрлігі Red Granite Pictures продюсерлік фирмасын Малайзияның инвестициялық қорынан ақша ұрлады деп айыптауда. Аталған компания 2013 жылы Ди Каприоның қатысуымен «Уолл-Стрит қасқыры» фильмін түсірген. Сол себепті Ди Каприо «Оскар» сыйлығынан басқа қайырымдылық бәссаудасын ұйымдастыру үшін сыйға алған заттарын да қайтарып берген.

Айта кетейік, актерге осы фильмге түскені үшін 1954 жылы атақты Марлон Брандо жеңіп алған сыйлық та тарту етілді. Леонардо Ди Каприо бұл жүлдені «Уолл-Стрит қасқыры» картинасына қатысқаны үшін продюсерлерден сыйға алған болатын.

Ал актерге алғаш рет «Оскар» сыйлығы 2016 жылы The revenant («Выживший» немесе «Итжанды адам») фильміндегі рөлі үшін табысталды.

 

ДереккөзBaq.kz