Qazaq Air әуе компаниясы жаңа екі ұшақ сатып алды

Осылайша Qazaq Air әуефлоты бес ұшаққа дейін көбеймек.

«Әуекомпания құрылғаннан бері бізге серіктес болып келген Bombardier-мен өткен келіссөздің нәтижесі бізді айтарлықтай қуантуда. 2015 жылдан бері Qazaq Air әуефлотының алғашқы ұшақтары Q400-тің арқасында біз Қазақстан халқын еліміздің түпкір түпкіріне апарып, 15 бағыт бойынша байланыс орнатып үлгердік. Бүгінгі күні біздің аймақтық компания 420 000 жолаушы тасымалдап, 2017 жылы олардың саны былтырмен салыстырғанда 50%-ға өсті. Жұмысын жақсы атқарып жүрген үш әуекемемізге тағы екі ұшақ қосылған кезде мүмкіндіктер кеңеіп, біз аймақтық байланыспен қатар, Қазақстанның көршілес Орта Азиялық елдеріне де сапар шегуді жоспарлап отырмыз», – деп атап кетті Qazaq Air әуекомпаниясының Басқарма Төрағасы Блэр Трехерн Поллок.

Bombardier Commercial Aircraft – дүниежүзінде әуекемелерді жасап шығаратын ірі канадалық компаниялардың бірі. Bombardier Q400 NextGen – жолаушылар салонында шуды және вибрацияны басу активті жүйесі, кең отыруға мүмкіндік беретін эргономикалық орындықтар мен үлкен иллюминаторлар, жүк салатын кең сөрелер мен жарқын светодиодты жарық жүйесімен жабдықталған заманауи жаңа ғасырдың әуеллайнері. Qazaq Air 100% акциялары «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі, Қазақстанның аймақтық бағыттарында қызмет көрсететін әуекомпаниясы.

Айта кетейік, Qazaq Air әуефлоты Қазақстан әуекомпанияларының ішіндегі ең жасы, орта жасы екіге толған 78 орынды ұшақтары заманауи, әрі ыңғайлы  Bombardier Q400 NextGen әуекемелерінен тұрады.

Дереккөз24.kz