Олар Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов.
«Отан» ордені 1993 жылы Қазақстан Президентінің жарлығымен белгіленген. Бұл орденмен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы, мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы ерекше еңбегі үшін марапатталады.
Дөңгелек пішінді орденнің ортасына Елтаңба бедерленіп, оның астында күннің шапақты сәулесіне ұқсас нақыш және айналдыра көмкерген бидай масағын меңзейтін айшықпен көмкерілген. Елтаңба бейнесінің астында «Отан» деген жазуы бар.