Қазақстанның жаңа елтаңбасы таныстырылды

Профессор, Мемлекеттік Елтаңба авторы, Этносәулет Институтының директоры, Өзбекстанға еңбек сіңірген сәулетші Жандарбек Мәлібеков еліміздің жаңа елтаңбасының үлгісін таныстырды.

Шара Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына және профессор Жандарбек Мәлібековтың туғанына 75 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан Елтаңбасының: құрылу тарихы және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асырудағы рөлі» атты халықаралық конференция аясында өтті.

Шара барысында Жандарбек Мәлібеков «Қазақстан Елтаңбасы» кітабын да көпшілікке таныстырды.

Ғылыми форумға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым, Абай Тасболатов, Бақытбек Смағұл, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, академик Ерлан Сыдықов және т.б. лауазымды тұлғалар қатысты.

ДереккөзBaq.kz