4 министр «Парасат» орденіне ие болды

Атап айтқанда, жоғарғы соттың жаңа төрағасы Жақып Асанов, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Әділет министрі Марат Бекетаев және инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Парасат» орденімен марапатталды.

«Парасат» ордені 1993 жылы 1 сәуірде бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан Республикасының дамуы мен рухани және зияткерлік әлеуетіне үлес қосқан қайраткерлер марапатталады.

Мұның алдында Қазақстан Президенті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке, «Теңізшевройл» ЖШС менеджері Руслан Қуатовқа және «Жақсылық» ШҚ жетекшісі Жақсылық Үшкемпіровке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берген болатын.

ДереккөзBaq.kz