Головкин мен Канелоның екінші кездесуі Лас-Вегаста өтуі мүмкін

«Кездесу Лас-Вегаста өтуі керек. Онымен қоса, көп ареналарға мұндай денгейдегі жекпе-жекті өткізу қиынға соғады. Мысалы, Далласта жекпе-жекті телеарнадан көре алу үшін қонақүй саны жетіспейді, аз. Бұл өте маңызды. Ал Лас-Вегаста туристер баруға болатын ойын-сауық жерлер көп — мейманханалар, шоу…», — деді промоутер.

Сондай-ақ, Оскар Де Ла Хойя «Канело» мен GGG арасында жекпе-жектің өтуіне ештеңенің кедергі келтіре алмайтынын айтты. Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер екінші кездесуді үш аренада ғана өткізуге болатынын айтады. Оладың ішінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena бар.

Айта кетейік, олардың бірінші кездесуі осы аренада өткен еді. Бірақ  Леффлер жекпе-жектің басқа қалада өтуін қалайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Том Леффлер «Канело» өкілдерімен бірге 2018 жылдың 5 мамырында өтетін кездесуді ойластырып, талқылып жатқандарын растады.

Дереккөзtengrinews.kz