Алматыда қонақүй кешенінен өрт шықты

Айта кетейік, 500 шаршы метр аумаққа жайылған от кеше кешкі сағат 18.00 шамасында тұтанған болатын. Оқиға орнында 80 құтқарушы мен 23 арнайы техника жұмыс істеді. Әзірге зардап шеккендер жайында ақпарат жоқ.

«Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деп хабарлайды Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі: Өрт шыққан жерде штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіру үшін оқиға орны 2 жауынгерлік учаскеге бөлінді. 3 гидранттан су жеткілікті мөлшерде беріліп тұрды. Өртті сөндіруге жоғарғы температура мен сол аумақтағы электр энергиясын ажырату кедергі келтірді. Өрт 19.37-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз24.kz