2018 Олимпиада: Мәнерлеп сырғанаудан үш спортшы ел намысын қорғайды

2018 жылы мәнерлеп сырғанаудан өтетін халықаралық жарыс ерекше болмақ. Себебі, Олимпиада ойындарына еліміздің атынан үш бірдей спортшы қатысады. Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алып, он үздік спортшының қатарына кірді. Осылайша ол Олимпиада ойындарына қатысу үшін екі лицензия иеленіп отыр. Дәл қазір ол Браян Орсермен жаттығып жүр.

«Бағдарламасын ұйымдастыруға оған Трейси Уилсон көмектеседі. Бұл жылы қысқа бағдарламаны ұйымдастыруға Миша Ге көмектескен болатын. Біздің спортшыларымыздың барлығы Олимпиада ойындарында өздерін жақсы қырынан танытады деген үміттемін. Олар жинақталып жатыр. Қазір Денис Загребте өткен GoldenSpin жарысында үздік өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші атанды. Осы кезде ауыр жарақат алып, енді ғана денсаулығы дұрысталып келеді», — дейді ҚР мәнерлеп сырғанау құрамасының бас жаттықтырушысы Құралай Узурова.

Әзірге Денис және Элизабетпен кімнің бірге баратыны белгісіз. Бүгінгі күнде лицензия үшін техникалық минумумды Айза Имамбек жинады. Мұнымен қатар, аталған лицензия Жансая Адыхановаға да бұйыруы мүмкін. Барлығы Астана қаласында 25 желтоқсан күні өтетін Қазақстан чемпионатында белгілі болады.

Дереккөзbaq.kz