Элизабет Тұрсынбаева — мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы

Жарысқа 80-ге жуық мәнерлеп сырғанаушылар қатысқан. Олар еліміздің барлық аймақтарынан және шетелдерден келіп, мәнерлеп сырғанаудың үш бағыты бойынша өнер көрсетті.

Спорт шеберлерінің арасынан бастапқы екі бағдарламаның қорытындылары бойынша, қыздар арасында бірінші орынды айтарлықтай алшақтықпен Элизабет Тұрсынбаева (216,46) жеңіп алды. Одан кейінгі орындарда келе жатқан алматылық Айза Иманбек пен Александра Саютина 135,11 және 123,41 ұпайдан жинап, екінші және үшінші орындарды жеңіп алды. Ер балалар арасында үздіктердің қатарын 150,48 ұпаймен алматылық Артур Панихин бастады. Оның ізін ала (132,13) ұпаймен қарағандылық Мелис Хакимов келсе, астаналық Никита Манько (129,92) ұпаймен үшінші орынды қанағат тұтты.

ДереккөзҚазАқпарат