Балалар үйінің түлегі суға секіруден Қазақстан чемпионатында күміс медаль еншіледі

«Атырауда трамплиннен суға секіру – мүлде жаңа спорт түрі десек болады. Сол себепті Карепановтың күміс жүлдесі біз үшін сенсация. Ол осы жетістікке жету үшін небір мықты спортшылармен таласты. Артем тағы бір күміс жүлдені Роман Розыбакиевпен бірге жұптасып өнер көрсету бойынша алды. Болашақта Артем Атырауға келген украиналық спортшы Алес Пригоровпен бірге де жарыстарға қатысуы мүмкін. Біздің басты мақсатымыз – 2018 жылғы Азия ойындары мен 2020 жылғы Олимпиада ойындары», – деді Артемнің бапкері Владимир Молчанов.

17 жастағы Артем осылайша облыс тарихында суға секіру бойынша спорт шебері талабын орындаған алғашқы спортшы атанды.

Алматыдағы ел чемпионатында Артем жалғыз секіруде екі алтын, үш қола алды. Бұл оның жастар арасындағы көрсеткіші. Ал қос күмісті ол ересектер арасындағы бағдарламада еншіледі.

Оны қазірдің өзінде Астана және Алматы құрамалары өз қатарларына шақырып жатыр екен. Бірақ, Атырау талантты спортшыны жібергісі келмейді.

ДереккөзҚазАқпарат