Басты бетЖаңалықтарИлья Ильиннің...

Илья Ильиннің қарсыластары кім болуы мүмкін?

«Олимпиадаға дейін әлі уақыт бар. Келесі әлем чемпионатында екі олимпиада чемпионы қатысуы мүмкін, оның бірі — Руслан Нурудинов. Мен баратын болсам, үш олимпиада чемпионы қатысатын болады. Тағы кімдер бар… Ресейлік жігіт Беджанян — төртінші. Бір кездері Алматыда жақсы ойын көрсеттік. Сонымен бірге тағы бізден Саша Зайчиков бар, ол — бесінші. Егер осы бес ауыр атлет те жарысқа қатысса, онда бесеуі де әлем чемпионы атануға таласады. Бұл — 105 келіге дейінгі салмақта», — деді Илья Ильин.

Қазіргі уақытта Илья Ильиннің салмағы — 94-95 келі, он келіге арықтаған. Егер 94 келіге дейінгі салмақта жарысқа түсетін болса, өзіне кімнің басты қарсылас болатынын атап өтті.

«94 келіде Али Хашеми деген жігіт бар. Ол – абсолют чемпион. Әрі қарай білмеймін. Егер бабыма келсем, сонымен жарысамын. Ал 105 келіде қарсылас болатын бес не алты адам бар», — деді ауыр атлет.

Дереккөзbaq.kz