Талап бізден,жауапкершілік сізден

Университет — ол мектеп емес. Оның жоғары оқу орны деген статусы бар. Сондықтан бұл жерде мектептегідей қамқорлық болмайтыны рас. Себебі, бұл жерге өзін тұлға ретінде қалыптастырып, елге сапалы біліммен қызмет етемін дейтіндер ғана келу керек. Дегенмен, студенттеріміздің арасында мектеп қабырғасының заңынан, ережесінен шыға алмай жүргендер жетерлік. Біздің білім ордамыздан талай тау тұлғалар шыққан. Осы нәрсені ескере отырып студенттерімізді солардың ізін жалғайтындай, солардай болатындай тәрбиелеуіміз керек. Біздің міндет өзімізге қойылған уақытта барып білгенімізді үйрету ғана .Ал, оны қабылдау,орындау студенттің еркі. Дегенмен,көп жағдайда біз оларға жанашырлықпен қарап, қаталдық танытамыз. Бұл қаталдық студент кішкене де болса сабаққа ден қойсын дегеніміз. Егер біз өз сағатымызда ғана барып отырып қайтсақ болды дейтін болсақ сапалы маман қайдан шықсын. Сол үшін студенттерге бар жағдайды жасауға тырысамыз. Студенттерімнің білімді,зиялы азаматтар мен азаматшалар болғанын қалаймыз. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» — дейді Әбу Насыр әл-Фараби. Данышпанның сөзінің жаны бар. Мектеп немесе университет болсын бастысы екеуіде білім ордасы. Бастысы тәрбиелеп отыратын талап қойылуы керек. Талап күшті болса тәрбиеде жақсарады. Мектептегі білім үлкен өмірге дайындық. Ол жердеде де тәрбие беріледі. Оны тәрбие ісінің меңгерушісі атқарады. Ал, студент оқушы емес. Ол алдағы уақыттағы оқытушы. Жоғары білім ордасын білім алып жүрген студент төрт жылдан кейінгі дайын маман.Сондықтан студенттеріміз өздерін тәрбиелей отырып, оқу орнындағы тәртіпке бағына отырып өздерінен сапалы маман шығаруға міндетті. Біріңғай тестілеуден өтіп осы жолды өзі таңдағандықтан әрі қарай тоқтап қалмағаны жөн. Өзін тәлімгердің тәрбиесін ала отырып тұлға ретінде қалыптастыруға тырысу қажет. Университетіміз және оқытушылар түрлі талаптар қойып жатамыз.Олардың бәріне немқұрайлы қарау дұрыс емес.Осы талапқа сай студенттер ғана болашағы зор маман болатынын әр студент санасында ұстау керек. Ия, талап бізден, оған жауапкершілікпен қарау немесе кері кету өз еркің құрметті студент! Дегенмен,тәртіп пен талап бар жерде сапалы дүниелер ғана бар екенін естен шығарма!

Худайбердина Гүлнұр