Көкшетауда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Көкшетау қаласының «Тәуелсiздiк» алаңында және «Алтын Ғасыр» СҮ Еңбекшiлдер, Зерендi, Сандықтау, Шортанды аудандарының және Көкшетау қ. ауылшаруашлық өндiрушiлер мен кәсiпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

«Жәрмеңкеде Сiздерге ет, сүт өнiмдерi және басқа да өнiмдер нарық бағасынан 15-20% төмен мөлшерде ұсынылатын болады. Жәрмеңке сағат 9.00-де басталады. Бiз сiздердi асыға күтемiз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен айда ұйымдастырылған жәрмеңкеде көкшетаулықтар 157 миллион теңгенiң өнiмiн сатып алды.