Көкшетауда халықаралық КВН фестивалі өтті

Өнер додасында бас жүлдені Ақмола облысының «Агрофаки» КВН құрамасы жеңіп алса, 1-орынды «Васаби» Көкшетау жастар командасы, екінші орынды — петропавлдық «7UP» командасы иеленді. Жақсы ауданының мектеп құрамасы фестивальдің қола жүлдегері атанды.

Фестивальдің үздік актері болып Арнұр Құрбанәлі (көкшетаулық «Журтики» тәуелсіз командасы), үздік актриса ретінде Дарина Жүржанова (Қостанай қаласының «Сборная Автодор» командасы) танылды.

Кешті қазақстандық КВН ойыншысы («Казахи» және «Астана кз» командасы) Ярослав Мелехин жүргізді.